Өңірлер орталығынан – шешімдер орталығына: Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде?

08.07.2025, 10:56
547
Өңірлер орталығынан – шешімдер орталығына: Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде? Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда ұлттық ауқымдағы алаңға айналды. Бүгін мұнда алғаш рет Қазақстан Ұлттық Урбан форумы – 2025 өтуде. Бұл – қалалардың болашағын жобалайтындар үшін басты оқиға.

Іс-шараны Қызылорда облысының әкімдігі, UN-Habitat және басқа да бірқатар серіктестердің қолдауымен ұйымдастырды.

"Бұл жай ғана оқиға емес, жаңа дәстүрдің бастауы. Қазақстан UN-Habitat аясындағы жаһандық қозғалысқа қосылды, мұнда әрбір сөз – нақты өзгерістер қадамы болып табылады. Біз урбанистік болашақ туралы айтып отырмыз және оны дәл қазір, осы жерде құрып жатырмыз", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, сөз сөйледі. Ол осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Спикердің айтуынша, Ұлттық Урбан Форум – өңірлер, сарапшылар мен мемлекет арасында тұрақты диалог құру үшін Қазақстанның ресми тұғырнамасы.

Форумның миссиясы – урбанистиканы талқылау ғана емес, жаңа шешімдер жүйесін құру. Ол үш деңгейді қамтиды:
– әлемдік (UN-Habitat аясындағы жаһандық форумдарға қатысу);
– аймақтық (басқа елдермен тәжірибе алмасу);
– ұлттық (ел аумағындағы қалалар мен қауымдастықтар арасындағы диалог).

Басты тақырып – "Өңірлерден бастау алатын кешенді қалалық қайта құру: Қазақстандағы теңгерімді, инклюзивті және климаттық өзгерістерге төзімді қалаларды қалыптастыру". Форумға қатысушылар Жаңа қалалық күн тәртібіне (New Urban Agenda) және Орнықты даму мақсаттарына сәйкес қаланың инклюзивті және теңгерімді дамуын ілгерілету бағдарларын, қалалар мен ауылдар арасындағы байланысты, климаттық бейімділікті, оған жастардың қатысуын, сондай-ақ басқарудағы цифрлық тәсілдерді талқылайды.

Осы орайда Қызылорда сияқты шағын қалалардың ұлттық даму жолында қалалық бірегейлікті және аумақтық бағдарланған тәсілдерді қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылып отыр.

"Жаңа урбанистік күн тәртібі Қазақстан дамуының ұлттық қалалық траекториясын қалыптастыру үшін негізді қамтамасыз етеді. Бұл – аймақтар, сарапшылар мен билік арасындағы үйлестіру механизмін іске қосу арқылы Ұлттық қалалық саясатты жүзеге асыру шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, белсенділерден бастап әкімдерге дейінгі қалалардың дамуына ниетті әрбір адамның қатысуы үшін платформалық жол ашады", – деп атап өтті БҰҰ–Хабитат өкілдері.

Форум Үкімет, бизнес, сарапшылар және азаматтық қауымдастық өкілдері үшін тартымдылық нүктесіне айналады. Құрметті қонақтардың арасында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков, сондай-ақ БҰҰ–Хабитат атқарушы директорының орынбасары міндетін атқарушы Рафаэль Тутс, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча бар.

Панельдік сессияларға халықаралық сарапшылар: Гарри Добс (Harry Dobbs Design), Риккардо Марини (Marini Urbanismo), Юрий Милевский (NOVAYA Labs), Мария Скрябина ("База 14") және басқалар қатысып, сөз сөйлейді.

"Урбанизация тек сәулет әлемі ғана емес, бұл адамзат үшін де маңызы зор бағдар. Біз өзіміз өмір сүргіміз келетін қалаларды саламыз. Ал Қызылорда – осы өзгерістердің көшбасшысы бола алатын қала екенін көрсетті", – деп қорытындылады форумға қатысушылар.

Қазақстандық форум Польша мен Әзірбайжанды және Грузияны қоса алғанда, бүкіл әлемде өткізілетін UN-Habitat халықаралық форматының бір бөлігі болып табылатынын айта кеткен жөн.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан